$ 494.87  520.65  4.91

Көліктің "крутой" номерлері заңсыз сатылып жатыр

Көлік нөмірлерін саудалауда ІІМ «монополия» жариялағанына қарамастан, кей қазақстандық сайттар «әдемі» нөмірлерді заңнама бекіткен бағадан екі есе қымбат етіп, сатылымға қойған.

Бұл туралы «Времяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Мәселен, 010, 070, 707 сияқты нөмірлер 500-2500 доллар тұрады.

Ал «әдемі» нөмірлер қымбатырақ бағаланған: 777 МММ мен 007 NNN нөмірлері 10 мың доллар тұрады. 200 NNN 02 нөмірі екі есе арзан бағаға қойылған, ал 080 AA 02 нөмірі 1500 долларға сатылуда. 065 RR 02 сияқты қарапайым нөмірдің де құны азға бағаланбаған – 2000 доллар.

055 ОТТ 05 нөмірі бар-жоғы мың доллар тұрса, 001 ZZZ  құны 8 мың долларға барған. 700 VVV мен 221 WWW 3 мың долларға қойылған.

Қазнетте, тіпті ерекше нөмірлер саудалануда: BMW көлігінің иелеріне арналған нөмір – 101 BMW 01 үш мың долларға сатылып жатыр. 070 MMM нөмірі де осындай бағаға сатылуда.

«Әдемі» нөмірлерді алғысы келетіндер интернетте аз емес.

«Сатылып жатқан нөмірлер жалған емес. Алматының көлік ХҚКО-сында сіздің қаражатыңызға құжаттарын рәсімдеп береміз», – деп жазған сатушылардың бірі Нурик. Ол нөмірлерге, тіпті заңды техпаспортта қарастырылғанына сендіруде.

Ал сол арада тіркеу бөлімінің қызметкерлері бұл нөмірлерді құзырлы мекемелерден бөлек, қайта сату заңға қайшы екенін ескертуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары