28.10.2019, 14:30

Жүк көлігіндегі 39 мәйіт: күдіктілер 11 қарашаға дейін кепілақымен босатылды

Отбасылық жұпты Чешир қаласындағы өз үйінде 400 000 фунт үшін ұстады.

Ұлыбритания полициясы жүктерді тасымалдаумен айналысатын фирманың 38 жастағы жетекшісі мен оның жарын кепілақымен босатты. Осыған дейін, оларды "өлім жүк көлігі" үшін қамауға алған еді, рефрижератордың ішінен 39 адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды Dailymail-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  

Томас Махер мен оның жары Джоанна жүк көлігінен табылған 39 адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынды. БАҚ мәліметінше, адамдардың мәйіті табылған контейнер соларға тиесілі. Күдіктілерді 11 қарашаға дейін кепілақымен босатқан. Содан кейін олар сотқа келуі керек.  

Отбасылық жұпты Чешир қаласындағы өз үйінде 400 000 фунт үшін ұстады. Тергеушілер олардың үш қымбат көлігі мен мотоциклдерін тәркілеген. 

Republicworld мәліметінше, тағы бір күдікті кепілақымен босатылған. Ол 46 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны. Оны лондонлық Станстед әуежайында ұстаған.  

Қамауда тағы екі адам бар. Ол 26 қазанда Дублин портында ұсталған ер адам мен жүк көлігінің жүргізушісі. Бүгін Робинсон сот алдында жауап беретін болады. Оған 39 адамның өліміне кінәлі деген айып тағылған және адамдарды шекарадан тасу бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі және заңсыз көші-қон мен ақша жымқыру айыптары тағылған.  

Осыған дейін, 23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылғаны айтылды.