Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш шараны Алматы қаласы әкімдігі және «Almaty Sports» әлеуметтік жобасы ұйымдастырған. Оған ұзын-ырғасы 2 мыңға жуық марафоншы қатысқан.
Олардың арасында студенттер, мектеп оқушылары, бизнесмендер мен оқытушылар және қоғам қайраткерлері де бар. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым халықтың санасында дұрыс көзқарасты қалыптастыруда жастармен тығыз жұмыс жасап жатқандығын алға тартты.
«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты - білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жеңуге көмектесу және осы өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан біз күнделікті студенттермен, жастармен жұмыс жасаймыз. Соған байланысты осы қайырымдылық марафонына жас біздің азаматтарды қатыстыруға көмектестік», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқушев.
Республиканың әрбір қаласында жүргізіліп жатқан қайырымдылық марафоны сенбі күні еліміздің оңтүстік астанасындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында» өтті. Саябақ ішіндегі 2400 метр қашықтықты жүгіруге 2 мыңға жуық салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысты.
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмектесу мақсатында «Балаларға өмір сыйла» жобасы арқылы 1783 баланың өмірі құтқарылған. Ал, осындай мерекелік іс-шараларда қайырымдылық жасау арқылы қорға 3 жарым млрд жиналған.
«Балаларға өмір сыйла» жобасында біз диагнозы Қазақстанда емделуге келмейтін, тек шетелде ғана емдеу қажеттілігі бар науқас балаларға көмек көрсетеміз. Бірақ, бақытымызға орай, елімізіде мұндай науқас балалар көп емес. Әрдайым белгілі бір уақытта сайтымыздың қайырымдылық қорында 60-70 балаға арналған ақша жиналады. Сондықтан, біз балаларға көмектескендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді «Дом» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.
Аружан Саинның айтуынша әрбір азамат смс арқылы немесе банк карточкасына ақша салу арқылы науқас балалардың өмірін құтқарып қалуға ат салыса алады және өздерінің аударған ақшаларын сайт арқылы кімге, қашан және қай уақытта жібергенін қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Ал Марафонға қатысуға келгендер мұндай шараның денсаулық үшін де, сауап үшінде үлкен іс екенін айтады.
Көмекке мұқтаж науқас балалардың өмірін құтқарып қалу әрбір азаматтың қолынан келетін жомарттылық. Осыған орай өткен қайырымдылық марафонын Алматы қаласы әкімдігі мен «Almaty Sports» әлеуметтік жобасы ұйымдастырған.