$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда Халықаралық ғылыми конференция өтті

Жиын барысында түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтарды, бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері, көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу үдерісі, латын графикасының тарихы, теориясы және оқыту әдістемесі секілді өзекті мәселелер талқыға салынды.
Фото: vzglyad.az
Фото: vzglyad.az

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Түркі жазуының негіздері» атты Халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінде «Түркі жазуының негіздері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Жиын барысында түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтарды, бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері, көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу үдерісі, латын графикасының тарихы, теориясы және оқыту әдістемесі секілді өзекті мәселелер талқыға салынды. 

Халықаралық ғылыми конференция негізгі 7 тақырып бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда: 

1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті

2. Түркі әлеміне қатысты ортақ құндылықтар

3. Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері

4. Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу үдерісі;

5. Латын графикасы: тарихы, теориясы және оқыту әдістемесі.

6. Түркітілдес елдеріндегі латын әліпбиінің  қолданылуы;  

7. Латын негізді қазақ әліпбиін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.             

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар жүргізілді.
Қазақстаннан және шет елдерден келген тілтанушы ғалымдар түркітілдес елдеріндегі латын әліпбиінің қолданылуы, латын негізді қазақ әліпбиін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану және ұйымдастырушылық мәселелерін ғылыми аудиторияда, көпшілік жиында талқылау, олардың шешу жолдарын қарастыру және ұсыну, тақырыпқа қатысты ғылыми жұмыстардың нәтижесімен танысу секілді бағыттар бойынша жұмыс жасады. 

Түркологияның өзекті мәселелеріне ғылыми тұрғыда талдау жасау және түркітілдес елдерде латын әліпбиін енгізудің тиімді шешу жолдарын қарастыру, кәсіби білікті мамандардың пікірлерін топтастыру, ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтарының ғылыми жұмыстарын мемлекеттік тіл саясатымен өзара сабақтастыруды мақсат еткен бұл жиынның материалдары жинақ болып жарық көретін болды. 

Ал Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен бүгінгі шараға танымал тілші ғалымдар, қазақ тілі оқытушылары, жас ғалым докторанттар мен магистранттар, мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты мамандары, Үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, Түркия елінің ғалымдары қатысты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#түркі әлемі