$ 443.35  475.54  4.82

Ақсай қаласында гараждағы автокөлік өртеніп кетті

Молодежная көшесіндегі гаражда «ВАЗ-21099» автокөлік түгелдей жанып кетті.

Ақсай қаласында гараждағы автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 қазан күні сағат 09.37-де орын алды. 

Молодежная көшесіндегі гаражда «ВАЗ-21099» автокөлік түгелдей жанып кетті. 

Өрт 09.56-да сөндірілді. Оған №9 өрт сөндіру бөлімінен 6 адам, 1 техника жұмылдырылды. 

Сондай-ақ 27 қазан күні сағат 04.35-те Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында тұрғын үй өртенгені жөнінде хабар түскен. Оны сөндіруге 5 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 05.59-да ауыздықталды.

Қос өрттен де зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан 51 жастағы тұрғынның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақсай