$ 446.49  475.38  4.79

«Алтын адам» Алматыға зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілді

«Алтын адам» бойынша келесі аптада баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

«Алтын адам» Алматыға зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Алтын адам» бойынша келесі аптада баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Темір ауданында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар қазір Үстүртке кетіп қалған болатын. Ол жақта археологтардың екінші нысаны бар. Алматыдағы Ә.Марғұлан археологиялық институтының директоры Б.Әбішұлының өзі келіп, құнды жәдігер туралы айтып береді. Қазір Алматыда зерттеліп жатыр«, - деп хабарлады облыстық тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Тасқопа ауылында «Алтын адам« табылды. Қорымның ертеректе тоналғанына қарамастан археологтар мұны сенсациялық жаңалыққа балады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын адам