$ 494.87  520.65  4.91

Ресейге 8,5 тонна насыбай алып өтпек болған тұрғын ұсталды

Контрабанданы жүк көлігіне тиеген 22 жастағы азаматты шекарашылар кеше «Жайсан - авто» бақылау-өткізу бекетінде тоқтатқан. Күдікті көліктегі жүгінің насыбай екенін жасырып, құжатын көрсетуден бас тартқан.

«MAN» жүк көлігін тексеру барысында шекарашылар тиелген қапшықтардға насыбайдың жасырылғанын анықтады. Контрабанданың жалпы салмағы 8500 келі. Ал, нарықтағы бағасы 10 миллион теңге шамасында.

Аталған дерек бойынша материалдар Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары