$ 494.87  520.65  4.91

Путин: Түркиямен қарым-қатынасты реттеудің еш себебі жоқ

Ресей Президенті Владимир Путин Түркиямен қарым-қатынасты реттеудің еш себебін көріп отырған жоқ. Ол бұл туралы 17 желтоқсан күні кеңейтілген баспасөз конференцияда мәлімдеді.

«Тәжірибеден байқап отырғанымыздай, Түркия жетекшілігімен келісім жасау мүмкін болып отырған жоқ. Олар еш себепсіз біздің ту сыртымыздан «соққы» жасап отыр», — деді Владимир Путин, деп жазады lenta.ru.

Президенттің айтуынша, халықаралық деңгейде Анкарамен қарым-қатынасты реттеу мүмкін емес, бірақ гумманитарлық әрекет жалғаса береді. «Түркия басшылығы өздері күтпеген жағдайға тап болды. Біз бірнеше бағыттар бойынша нақты шаралар қолдануымызға тура келді», — деді Ресей басшысы.

Владимир Путин Түркия түрік-сирия шекарасында Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру арқылы АҚШ-тың талаптарына сәйкес әрекет етуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, түрік елі дұшпандық акт құрып, НАТО-ға арқа сүйеп отыр.

Айта кетейік, түрік-ресей қарым-қатынасы 24 қарашада Түркия әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік-сирия шекарасында атып түсіргенннен кейін қиындай түсті. Ресей Түркияға қарсы санкциялар жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары