$ 494.87  520.65  4.91

Дубайда қазақстандық 2 жасар бала комада жатыр

Оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 қазанда болды.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Дубайдағы бассейнге екі жасар қазақстандық бала суға батып кете жаздады. 

Оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 қазанда болды. Бала бассейнде ес-түссіз күйде табылған. Жергілікті дәрігерлер сәбиге шұғыл медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Реанимациялық шаралардың арқасында баланың жүрегі қайта соға бастады, алайда ол 3 дәрежелі комаға түсті. Сәби ауыр хәлде Дубайдағы емханалардың біріне жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірнеше күннен кейін жәбірленушінің әкесі баласын отанына жеткізу туралы өтінішпен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Шетелдік мамандар сәбиді санавиациямен жеткізуге келісім берді. 

«2019 жылдың 27 қазанында жылжымалы медициналық авиациялық бригаданың көмегімен баланы отанына арнайы ұшақпен сәтті жеткізді. Арнайы борт Нұр-Сұлтан әуежайына қонды. Сол жерден науқас одан әрі емделу үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді», - делінген ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дубай