$ 494.87  520.65  4.91

65 жастағы диджей әжей түнгі клубтарда өнер көрсетпекші

"Кеше Арбатта бірінші рет жұмыс істедім".

Небәрі бірнеше сағатта күллі Қазақстанға танылған 65 жастағы диджей Ұлттық арнадағы "Ниет" бағдарламасына сұқбат берді. Жұлдыз әжей енді түнгі клубтарда өнер көрсететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бір күнде жұлдыз болған әжей жасына қарамастан өзін 18 жастағы қыздай сезінетінін алға тартты.

Ол бұрыннан бері музыканы жақсы көретінін, оған қоса музыкант балалары тыңдайтын әуендермен сусындап келгенін де жасырмады.

"Пенсиядамыз ғой. Барлық балалар өзінше өсіп кеткеннен кейін басқа не істейсің? Балалардан естіп жүріп жаттап алған музыкам ғой.

Кеше Арбатта бірінші рет жұмыс істедім. Енді клубтарға шақырып жатыр, сонда шығамын", - деп ағынан жарылды ол.

Сондай-ақ, диджей әжей арманда кеткен ісін енді қолға алып, музыкамен бірге өмір сүретінін сөз етті. Ол енді жаңа өмір бастайды екен.

"Жас кезімізде көп арман орындалмай қалды емес пе? Енді қашанғы қазан-ошақтың қасында отырамыз?

Құрдастарым:"Ой, ұят болады" деп бір-бірден о жаққа кетіп жатырмыз. Мен кеткім келмейді. Әлі жаспын. Осылай жаңаша өмір сүргім келеді",- дейді әжей.

Сонымен қатар, 65 жастағы әйелдің айтуынша, кешегі дебюттан кейін оған ұсыныс тастап, ақылы жұмысқа шақырған адамдар да табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #клуб