$ 498.55  524.28  4.75

Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамасын беру – еліміздегі сұранысқа ие танымал мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын тұрғындарға құжаттарды, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын сұратады.

Мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, мемлекеттік органдар немесе жеке мекемелерге және басқа да жағдайда жұмысқа орналасу кезінде тұрғындар анықтама алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (ХҚКО-ға) барып, үнемі кезек күтуге мәжбүр болды.

Тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекенжай анықтамасын беруді алып тастау туралы шешім қабылданды.

"Енді қарашаның 1-нен бастап ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерек қорларын біріктіруге байланысты мекенжай анықтамасын беру тоқтатылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Яғни, сізден ешкімнің мекенжай анықтамасын сұрауға құқығы болмайды.

Атап айтқанда, мекенжай анықтамасын беру толығымен алынып тасталды, өйткені бұл дерек барлық мемлекеттік органның деректер базасында бар.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту, қағазбастылықты азайтуға және бір анықтаманы алу үшін бірнеше сағат кезекте тұратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (ХҚКО-ға) бару қажеттілігін азайту мақсатында қолға алынып отыр.

Сонымен бірге, азаматтардың өздері egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті немесе "электрондық үкіметтің" eGovmobile мобильді қосымшасы арқылы мекенжайы бойынша тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазақстан