$ 442.05  474.14  4.74

Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына арналған концерт өтті

Оркестрдің бүгінгі құрамындағы майталман музыканттар ел руханиятының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ұжымдарыңыз үшін зор мақтаныш.
Фото: kurmangazy.com
Фото: kurmangazy.com

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орайластырылған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүтін қазаққа аты мәшһүр болған Құрманғазы оркестріне биыл 85 жыл. Осыған орай, Республика сарайында мерекелік концерт өтті. Концерттің өтуіне қала әкімдігі қолдау көрсеткен.

Шығармашалық ұжым бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, аспаптарын кеңінен танытып келеді. Бүгінгі таңда әйгілі оркестрдің репертуарында қзын-ырғасы 5 мыңға жуық туынды бар.

Мерейтойдың ашылуында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

«Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адайын», Дәулеткерейдің «Құдашасын», Дина апамыздың «Әсем қоңырын», Тәттімбеттің «Саржайлауын» әлем жұртшылығына танымал еткен ұжым жоғары бағаға лайықты.

Тағылымды тарихымыздан, өнегесі мол өткенімізге сыр шертетін қазақтың күйлерін күмбірлетіп, әнін әуелету – нағыз рухани жаңғыру.

Оркестрдің бүгінгі құрамындағы майталман музыканттар ел руханиятының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ұжымдарыңыз үшін зор мақтаныш.

Алдағы уақытта да Құрманғазы оркестрі асқан асулар, биік белестерді бағындыра беретіндеріңізге сенімім мол», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов.

Мерекелік концерт аясында еңбегі еленген бірқатар музыканттар төсбелгімен марапатталды. Оркестрдің аты бүгінде Қазақстанның өнер тарихында алтын әріппен жазылады.

Айта кетейік, халқымызды ұлттық мұрамен сусындатып жүрген оркестрдің ел руханиятының дамуына қосқан үлесі мол. Дүйім ел алдағы уақытта да ұжымнан тың туындылар күтеді.

Бүгінде оркестрге Абылай Тілепберген бас дирижерлік етеді. Ол аға буынның сара жолын жалғаймыз деп отыр. Яғни, туындыларда өзгеріс болғанымен, бұрынғы сарыннан ауытқымайды.

«Құрманғазы» оркестірінің ұйымдастырушысы, бірінші көркемдік жетекшісі, алғашқы дирижері атақты композитор Ахмет Жұбанов болатын.

«Бүгінгі таңда біздің концертімізде осы 85 жылдықты үлкен ауқымда тойлаймыз деген ойымыз болды. Және де концерттің репертуары бұрынғыға қарағанда өзгеше.

Әрине, бабаларымыздан, атамыздан келе жатқан дәстүр ізінен ауытқымай, соның негізінде басқаша көрерменге қырынан көрінгіміз келеді», - деді Құрманғазы атындағы

қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірінің бас дирижері Абылай Тілепберген.

85 жылдық мерейтойға арналған салтанатты концерт енді Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары