$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында жолдар жабылды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды "ҚазАвтожол".

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының 92-258 шақырымдары аралығында, яғни Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған.

Сағат 16:20-да Қарағанды облысындағы «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 433-749 шақырымы (Жезқазғаннан Атасу ауылына дейінгі бөлік) қоғамдық көліктер үшін, 17:30-да «Жезқазған-Есіл-Петропавл» тас жолының 24-252 шақырымы (Сәтпаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол) көліктердің барлық түрі үшін жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары