$ 444.22  476.38  4.82

21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстікте қар жаумайды.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл облысында тәулік бойы, Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жел 16-21 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен жел соғады - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, Манғыстау облысында тәулік бойы, Атырау облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары