$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі мерейтойлық шараларды өткізуге дайындықты бастап кетті

Кеңеске ғалым-тарихшылар мен философтар, өнер, кино, театр қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері, ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары қатысты.
Фото: www.inform.kz
Фото: www.inform.kz

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен келер жылғы Абайдың 175 жылдығына, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған шараларды дайындау және өткізу бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеңеске ғалым-тарихшылар мен философтар, өнер, кино, театр қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері, ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары қатысты.

2020 жылы ел ауқымында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталады, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу бойынша бірқатар шаралар өтеді.

Айта кетерлігі, бұл мерейтойлық шаралардың барлығы «Рухани жаңғыру» аясында ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық деңгейде ұлықталатын болады.

«Алматы еліміздің мәдени орталығы ретінде жалпы республикалық шараларды өткізудің негізгі ошағы болуы тиіс», - деді Е. Бабақұмаров.

Халықаралық конференциялар, көрмелер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу бойынша осынау мерейтойлық күндерді мерекелеудің жалпы қалалық шаралары жоспарларының жобалары әзірленді.

Жиын барысында әр жоспар бойынша ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.

«Белгіленген тарихи күндерді мерекелеу – халықтың тарихи сана-сезімін тереңдетуге және жаһандық форматта еліміздің рухани мәдениетін жан-жақты алға жылжытуға бағытталған тәуелсіз Қазақстанның жаңаша тарихындағы маңызды оқиғалар», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мәдениет басқармасына барлық ұсыныстарды қарап шығу және мерейтойлық күндерді мерекелеу жөніндегі түпкі жоспарға енгізу тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары