$ 494.87  520.65  4.91

Латын графикасына көшу мәселелері бойынша жиын өтті

Өз кезегінде Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Латын қарпін енгізу бойынша түсіндіру орталығының маманы Сабирова Алима Есенқызы сөз алып, Латын қаріпіне көшу туралы өз ойларын айтып жеткізді.
Фото: Taldykorgan-online.kz
Фото: Taldykorgan-online.kz

Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» атты семинар-кеңес өткізді.

Семинарға Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімінің аппараты қатысты. Семинардың алғы сөзін Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балабаева ашты. Сөйтіп, әкім орынбасары семинарға қатысушыларға модераторларды таныстырды.

Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас маманы Шаймерденов Нұрмұқа Рыспайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы бастамасы аясында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Латын қарпін енгізу бойынша түсіндіру орталығының маманы Сабирова Алима Есенқызы сөз алып, Латын қаріпіне көшу туралы өз ойларын айтып жеткізді.

Шара соңында тыңдаушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинарға аудан әкімі аппараты, аудандық құрылымдық бөлімшелер, жалпы білім беру ұйым басшылары, Нұр Отан партиясы мүшелері, аудандық салық бөлім қызметкерлері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары