$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда Оспан батырды тақырып еткен көрме ашылды

Көрме Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігі мен елім деген ерен ұлдардың ұлылығын ұлықтау, халыққа дәріптеу мақсатында ұйымдыстырылып отыр.

Бүгін Алматыда қала әкімдігінің қолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даңқты Оспар батыр Сіләмұлының 120 жылдығына арналған көрме-байқауы ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тұран романтизмі» атты бейнелеу өнерінің көрме-байқауы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Оған Қазақстанның әр тарабынан ұзын-ырғасы 57 суретші мен мүсіншінің 100-ге жуық туындысы қойылған.

Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына орай өткізіліп отырған шараны «Ер Жәнібек» қорының құрметті президенті, м.ғ.д. академик Мақсұт Темірбаев, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Ақан Әбдуәлиев, «Ер Жәнібек» қорының президенті Жеңіс Түркия, А. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаева және «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» жетекшісі Жанарбек Берістенов қатарлы әр сала өкілдері бастап ашты. Шараның ашылуына зиялы қауым өкілдерімен бірге, өнер сүйер шоғырлы қауым жиналды.

Көрме Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігі мен елім деген ерен ұлдардың ұлылығын ұлықтау, халыққа дәріптеу мақсатында ұйымдыстырылып отыр.

Бейнелеу өнерінің көрме-байқауының тасты тақырыбы мен талабы - ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының бейнесі мен сол замандағы көріністі айқындау.

Көрменің ұйымдастырылуына ұйытқы болған Халықаралық «Ер Жәнібек» қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия мырза аталмыш көрменің өткізілуіне ықпал еткен қала әкімдігіне алғыс айтып, бұл көрменің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы мен мәні туралы тоқталды.

«Тұран романтизм» деген тақырып қоюымыздың себебі, көрме ішінде сурет өнері, ою өнері бар. Оспан батырдың заманындағы қазақ жауынгерлерінің, батырларының ел тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен ауыр кезеңді бейнелейді», - дейді «Ер жәнібек» қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия.

Аталмыш көрме Алматы қаласында орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы музейде өтіп жатыр. Көрсетілім 28 қазанға дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қойылған туындыларды арнайы тағайындалған білікті қазылар алқасы сарапқа салып, жүлделі жүйріктерді анықтайды. Ал көрменің қортындысы 25 қазанда анықталып, жүлдегерлер сол кезде марапатталады.

Айта кетейік, осыған дейін Оспан батыр Сіләмұлының 120 жылдығына орай жазба ақындар мүшәйрасы мен журналистер арасында байқау жарияланған болатын.

«Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырып отырған «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасі Алматы қаласы әкімдігі және ҚР Жазушылар одағының қолдауымен өткізіледі деп жоспарланған.

Бұл мүшәйра Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады.

Бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең қабылданады. Оның бірі Оспан батырға арналған, екіншісі еркін тақырыпта болуы шарт делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көрме #Оспан