$ 498.34  519.72  4.85

Ғалымдар қазақтар мен ойраттардың шешуші шайқасы өткен жерді тапты

Мамандар бұл жерді Омбыдағы мемлекеттік архивте сақталып келген көне бір картаның көмегімен таба алған екен.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Павлодар облысында археологтар XVII ғасырда шайқас болған жерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

 Ғалымдардың айтуынша, оларда 1741 жылы қазақ әскерлерінің қалмақтарды және жоңғарларды талқандаған жерге қатысты мәліметтер бар. Мамандар бұл жерді Омбыдағы мемлекеттік архивте сақталып келген көне бір картаның көмегімен таба алған екен. 

«Картада қазақтар мен қалмақтар шайқасқан жерден бөлек, батырлардың есімі берілген аумақтардың атаулары анық көрінеді. Осы картаның ескі және қазіргі нұсқаларын салыстыра отырып, біз нақты шайқас болған жерді ғана емес, сондай-ақ, екі әскердің қалай әрекет еткені көрсетілген сызбаны анықтай алдық», - дейді археологтар. 

Олардың айтуынша, қазба жұмыстары Ақшиман ауылынан басталған. 

«Шайқастың расында да сонда болғаны жайлы артефакт немесе адам қалдықтары сияқты дәлелдерді табу үшін Ақшиман ауылынан бастап қазба жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде тас ғасырындағы қорымдар мен елді мекендер анықталды. Тіпті, кен қазушылардың қалдықтары табылды. Бірақ бізге қажетті шайқас жайлы ешқандай қосымша дәлелдер табылмады. Шайқас болған жерді Омбыдағы мемлекеттік архивтен табылған картаның көмегімен ғана тауып отырмыз», - дейді археологтар.

 Сондай-ақ, павлодарлық ғалымдар архивтегі мәліметтердің көмегімен осы шайқасқа қатысқан батырлар мен олардың руларының тізімін анықтаған екен. 

«Біздің батырлар қалмақтарды жеңген соң өз есімдерін сонда орналасқан жартастарға, шыңдарға берген», - дейді ғалымдар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары