$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы Халықаралық форумда әдеби аударма мәселесі сөз болды

Халықаралық форумға қазақстандық қаламгерлермен бірге Германия, АҚШ, Англия, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Марокка, Литва, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер қатысқан.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала әкімдігінің қолдауымен әдеби аударма мәселелерін талқы еткен Халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен «Әлемді ашу – әлемге ашылу. Әдеби аударманың проблемалары және жазушылар байланысы» атты ІІ Халықаралық форумы өтті. Онда қазіргі таңдағы әдеби аударма мәселесінің егжей-тегжейі талқыланды.

Халықаралық форумға қазақстандық қаламгерлермен бірге Германия, АҚШ, Англия, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Марокка, Литва, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер қатысқан.

Шараны Қазақстанның ПЕН клубы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған.

Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, жемісті халықаралық байланыстар ұлттың мәдени жаңғыруының және дамуының маңызды шарты болып табылады. Форумның жұмысы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында айтылғандай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.

Бигелді Ғабдуллин:

-Сөзсіз, бұл форумның алғашқысынан бірнеше ерекшелігі бар. Ең алдымен, тақырыбы жағынан. Бұл жылы біз әсіресе еліміз үшін өзекті болып тұрған көркем аударма мәселесін талқылауды ұйғардық.

Шындығында, форумның тақырыбы өте маңызды. Өйткені қай жазушы болсын аударма мәселесін айналып өте алмайды. «Жазушылар өздерінің ұлттық әдебиетін жасаса, аудармашылар әлемдік әдебиет жасайды» деген сөз тектен-тек айтылмаған.

Бұл жолғы шараның былтырғыдан тағы бір ерекшелігі – қонақтарында. Біздің форумға алғаш рет Қытай, Германия, Моңғолия, Әзірбайжан елдерінен жазушылар келгелі отыр. Меніңше, ұлттың мәдени жаңғыруының, дамуының басты шарты – халықаралық нәтижелі қатынастар.

Мен біздің Форумның жазушылар арасында жақын қарым-қатынас орнауына, айтылған олқылықтардың орнын толтыруға ықпал ететініне сенемін.

Ең алдымен, осындай халықаралық деңгейдегі үлкен шараны өткізуге қолдау білдірген Алматы қаласының әкімдігіне ризашылығымды білдіргім келеді.

Форум жұмысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында: «Егер біз ұлт болғымыз келсе.., онда біз «Жаһандағы заманауи қазақ мәдениеті» жобасын іске асыруға тиіспіз», – деген болатын. Біздің жоба дәл осы мақсатты көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аударма