29.10.2019, 20:05

«Еңбек» бағдарламасына биыл өзгеріс енгізіледі

Фото: Ortalyq.kz
Жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін азайту жайы қозғалды.

«Еңбек» бағдарламасына биыл өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін азайту; өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың үлесін 15-тен 9 пайызға төмендету«, - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін және бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында «Еңбек» бағдарламасына жыл аяғына дейін тиісті өзгерістер енгізілмек.

Тегтер: еңбек