29.10.2019, 20:59

2 облыста дабылды ескерту жарияланды

Фото: BAQ.KZ
30 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Қостанай мен Маңғыстау облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

"30 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. 30 қазанда түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Тегтер: ауа райы