$ 444.22  476.38  4.82

«Жылап жатты»: балабақшада кішкентай қызды тепкілеп тастады (ВИДЕО)

Куәгерлердің сөзінше, тәрбиеші балалардың төбелесін көрген. Алайда ешқандай шара қолданбапты.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Ресейдің Ярославль қаласындағы балабақшаның тәрбиеленушілері күндізгі сеурен кезінде кішкентай қызды жабылып тепкіледі. Баалбақшаға көршілес орналасқан үйдің тұрғыны бүлдіршіндердің төбелесін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 76.RU порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видео кадрларынан балалардың жерде жатқан қызды таптап, оны жерге бетімен итеріп, ұрып-тепкені көрінеді. Куәгерлердің сөзінше, тәрбиеші балалардың төбелесін көрген. Алайда, ешқандай шара қолданбапты. 

«Мен тәрбиешінің әрекетін күттім. Алайда ол менің терезеден қарап тұрғанымды көргеннен кейін ғана балалардың жанына барған сияқты. Бала жылап жатты. Ақырында тәрбиеші оған жерде жатқаны үшін ұрысты», - дейді видео авторы Никита Макарьин.

Ал балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің әкесі тәрбиешіні жақтап шықты.

«Балалар көп. Барлығын қарап жүру мүмкін емес. Оның үстіне, тәрбиеші – егде жастағы әйел. Байқамай қалған болар», - дейді ол. 

Тағы бір баланың анасы тәрбиешінің әрекетін «сұмдық» деп атады. Сонымен қатар ол өз тобының тәрбиешісі балаларға мұқият қарайтынын айтты.

Балабақша есепшісінің сөзінше, оқиға орын алған топтағы балалардың ата-аналары тәрбиеші туралы оң пікірде. 

«Оның тобы кішкентай емес. 28 бала бар», - дейді есепші.

Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 
Ярославль қалалық білім департаментінің директоры Елена Иванованың айтуынша, бала соққыға жығылған топтың тәрбиешісі тергеу кезінде жұмысынан уақытша шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары