$ 494.87  520.65  4.91

«Аяқкиім мен сырт киімсіз»: риддерлік әйелді зират басына апарып қорқытқан кім? (ВИДЕО)

Әйел бопсалау фактісі туралы жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Алайда олар көмектесудің орнына қоқан-лоқы көрсетіпті.

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғыны жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының әрекетіне шағым түсірді.

Әйел мәжілісмен Василий Олейниктен көмек сұраған, деп хабарлайды телеканал "Астана" телеарнасы.

Замира Тотанова облыс әкімі орынбасарының шақыруымен үш жыл бұрын Риддерге көшкен. Оған ғимаратты сенімді басқаруға беруі тиіс болатын. Жөндеу жұмысы аяқталған соң, кәсіпкер әйел балабақша ашты.

Тотанованың айтуынша, біраз уақыттан кейін әкімдік ғимаратты жалға алғаны үшін ақша талап ете бастаған. Әйел бопсалау фактісі туралы жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Алайда олар көмектесудің орнына қоқан-лоқы көрсетіпті.

"У. есімді жетекшісі бастаған жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 2 қараша күні мені аяқкиім мен сырт киімсіз зират жаққа апарды. Жәбір көрсетіп, облыс әкімінің орынбасарына арыз жазуға болмайтынын айтты", - дейді кәсіпкер әйел.
Ол мұны дәлелдейтін аудиожазба бар екенін айтып отыр.

Риддер тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік қызметіне де хабарлаған. Бірақ олар бұл мәселемен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жеке қауіпсіздік департаменті айналысатынын айтқан.

Мәжіліс депутаты әйелге көмектесуге уәде берді.

Бұған дейін ІІМ баспасөз қызметі Шығыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрт қызметкері адам азаптады деген күдікке ілінгенін айтқан болатын. Оларға екі тұрғын шағым түсірген.

"Азаптау" бабы бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары