$ 494.87  520.65  4.91

Ұрылардан сақтану үшін жылқысын GPS-пен күзетеді

Ауылда мал ұрлана берген соң, үйірімен жүретін жылқыларға спутник арқылы бақыланатын GPS жүйесін орнату жөнінде мәселе көтерген.
фото: argymaq.kz
фото: argymaq.kz

Түркістан облысында амалы таусылған малшылар төрт түлігін GPS-пен бақылауға көшті, деп хабарлайды aikyn.kz.

Ауыл әкімінің айтуынша, 2 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекеннің күнкөрісі — мал шаруашылығы.

«Байылдыр ауылында жалпы 328 үй бар. Қазіргі таңда 30 тұрғын кәсіпкерлікпен айналысуда. Олардың 3-еуі жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетсе, 7 кәсіпкер қалада және ауылда сауда-саттық жасайды. Қалған 20 тұрғын мал шаруашылығы және бағыттағы қоғамдық көлігі арқылы кәсіппен айналысады. Тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу үшін жиналыс өткіздік. Ауылда мал ұрлана берген соң, үйірімен жүретін жылқыларға спутник арқылы бақыланатын GPS жүйесін орнату жөнінде мәселе көтердік. Осы бағытта үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, ауыл тұрғындары өзара бірігіп, спутник арқылы бақыланатын GPS жүйесін 5 үйірге орнатты. Қазір 132 бас жылқы осы аппарат арқылы бақылап отыр», - деді Ерлан Қалдыбаев.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығымен айналысатындарға жазаны күшейтуді тапсырған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары