$ 494.87  520.65  4.91

Ең үздік жас тарихшылар анықталды

Сайысқа аудандық кезеңде жеңіп шыққан 9-сыныптың 4 оқушысынан тұратын 8 команда қатысты.
Фото: Білімді Ел - Образованная страна
Фото: Білімді Ел - Образованная страна

Алматыда қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оқушылар сарайында «Менің кіші Отаным» тақырыбында жас тарихшылардың қалалық зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойында өзінің кіші Отаны – туған ауылына, өскен өңіріне, мақтаныш сезімін және тарихи танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

Сайысқа аудандық кезеңде жеңіп шыққан 9-сыныптың 4 оқушысынан тұратын 8 команда қатысты. Жарыстың I күнінде барлық қатысушылар Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы дайындаған тест тапсырмаларын орындады. ІI күнінде команданың әрбір мүшесі жеке номинация бойынша өз жобаларын қорғады.

Оқушылардың жұмысын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.Жұмағұлов бастаған профессор-оқытушыларынан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.

Оқушыларға сәттілік тілеген Б.Жұмағұлов еліміздің тарихын білу парыз екенін айта келе, жас тарихшылардың бүгінгі таңдауы мен зерттеулеріне өз алғысын білдірді.

Барлық сайыскерлер жетекшілерімен бірге бір залда отырып, бірі-бірінің дайындаған жобаларымен танысып, қорғау барысын тыңдап, сұрақтар қойып, өзінің дайындығын салыстыра бағалауға мүмкіндік алды.

Жоба қорғау сайысының және тест тапсырмаларын орындаудың қорытындысында «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Жанерке Мадалиева, «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Амина Есімжанова, «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша №12 мамандырылған гимназия оқушысы Қобыланды Нұрғалиев және «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша №62 гимназияның оқушысы Айгерім Әділет жеңімпаз атанып қараша айында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың қалалық зияткерлік сайысының мақсаты - жас ұрпақтың бойында өзінің кіші Отаны – туған ауылына, өскен өңіріне,

Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін, тарихи танымдық қызығушылығын, қазақстандық патриотизм мен ұлттық даралық қасиетін қалыптастыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тарих