$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп қабырғасындағы «Рухани жаңғыру» күні

«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат!» атты кездесумен ашылған шаралар кешені «Талантты таныту» кешіне ұласты.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жоба аясында Алматы қаласы №13 мектеп-гимназиясын­да «Рухани жаңғыру» күнін өткізді.

«Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийі, «Ұлы дала өнері» атты көрме, Book dating, Талантты таныту, Буккроссинг және т.б. шаралар өтті.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші, этнограф Болат Бопай, №13 мектеп-директоры Тамара Дүйсенбаева, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын Ләззат Игісін қатысып, қоғам қайраткері Алмаш Бимағамбетова жастармен рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

«Бүгін біздің мектебімізде айтулы мереке орын алып жатыр. Барша зиялы қауым мен ардагерлердің, қоғам белсенділерінің біздің білім ордамызда бас қосуы қуанарлық және мақтан етерлік жағдай. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін біздің шаңырағымызда «Рухани жаңғыру» күні өтіпе жатыр. Ең бастысы өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың аманатын дұрыс жеткізе алсақ деймін» деп ақтарлыа сөйледі №13 мектеп-директоры Тамара Дүйсенбаева.

«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат!» атты кездесумен ашылған шаралар кешені «Талантты таныту» кешіне ұласты. Кешке ақын, Монғолия қазақ ақындары арасында өткен Алтын жебе жыр мүшәйрасының (1992 ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997 ж.) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің, Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлық иегері Гүл Зарқұмар қатысып, балаларды өз поэзиясымен сусындатты. Сондай-ақ, №13 мектеп-гимназияның талантты оқушыларының өнер жолындағы тұсауы кесілді.

Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші, этнограф Болат Бопай, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, этнограф, жазушы, фольклоршы Байахмет Жұмабай, журналист, қоғам қайраткері Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын Ләззат Игісіннің әрбір аудиторияда «Қазақтану» лекторийлеріне жалғасса, енді бір сыныптар «Мен рухани жаңғыруды қалай түсінемін» атты шығарма жазу байқауына қатысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары