$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ең үздік еріктілер марапатталды

Форумға қатысып жатқан 1000 ерікті және олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, серіктестер арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады.
Фото: www.kazinform.kz
Фото: www.kazinform.kz

Алматыда «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Volume Up» еріктілердің ауқымды форумы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Форумды Алматы қаласын әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан еріктілері лигасы» қоғамдық қоры ұйымдастыған. «Еріктілер жылы» қарсаңында республикалық жастар қозғалысының сайты ашылып, шара барысында қаланың үздік еріктілері марапатталды.

«Бүгінгі таңда еріктілер қозғалысы ең өзекті және қарқынды дамып келе жатқан институттардың біріне айналуда. Біздің ұйымның құрылғанына 5 жыл болды. Еріктілікпен айналысып жүрген немесе еріктілер қатарына қосылуды жоспарлағандар үшін 2020 жыл кең мүмкіндіктер ашады. Бұл қоғамдағы еріктілікке деген көзқарасты өзгертеді. Мемлекеттік саясат волонтерлікті толығымен қолдайтындығы және кеңінен тарағаны бізді қуантады» деді ұйымның төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Сонымен қатар, ол келесі жылға - «Еріктілер жылына» дайын екендігін білдірді және алда көп жұмыс күтіп тұрғанын айтты. Форумға қатысып жатқан 1000 ерікті және олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, серіктестер арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жастардың сүйіктісі әншісі Әли Оқапов шараның құрметті қонағы болды.

«Жастардың белсендігілі мені қатты қуантты. Біз, жастар, өз еліміздің болашағымыз. Сондықтан бүгін сіздердің жұмыстарыңызды көріп риза болып отырмын. Бүгін де еріктілердің еңбегі енді ғана еленіп келеді. Сіздер өздеріңіздің күш екендеріңізді дәлелдей алдыңыздар» деді Әли Оқапов. Сосын әннен шашу шашып, жастарға мотивация беріп кетті.

Форумға қаладағы жоғары оқу орындарының, орта арнаулы білім мекемелерінің студенттері, сондай-ақ ата-анасымен бірге мектептердің оқушылары қатысты. Сонымен бірге, шараға жұмыс берушілер, белгілі әртістер, волонтер ұйымдарының негізін қалаушылар жиналады.

Жұмыс берушілер ерікті қызметпен айналысатын белсенділерге жұмыс ұсынып, ата-аналар сөз сөйледі.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың 27 тамызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы оның басты мақсаттарын белгіледі: азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттердің волонтерлық іс-шараларға қатысуын кеңейтіп, белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру керектігін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары