31.10.2019, 09:30

Кейуана қайтыс болған құрбысымен пәтерде 3 күн тұрған

фото: Мой город
Бір аптадай жарығы сөніп тұрды, есіктің алдындағы квитанцияны да ешкім алмаған.

Оралда пәтерлердің бірінен зейнеткер әжейдің танысының өлі денесі табылған. Пәтер иесі сыртқа шыға алмағандықтан көршілер құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды «Мой город»-қа сілтеме жасап хабарлайды tengrinews.kz.

Көршілерінің сөзінше, пәтерде 78 жастағы әже тұрған.  

«Ол бұл пәтерде көптен бері тұрады. Шамамен бес жыл бұрын оның күйеуі қайтыс болған, ал қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған, көршілері жәрдемдесіп тұратын. Балконға шыққан кезде жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Осымен бір аптадай жарығы сөніп тұрды, есіктің алдындағы квитанцияны да ешкім алмаған. Оған бұрыннан бірге істейтін танысы барып қайтты. Көрінбей кеткеннен кейін, көршілері іздей бастады. Полицияға барып, арыз жазып, артынан құтқарушыларды шақырдық. Қызына да хабарластық. Есікті бұзып кірсе, әжейдің танысы қайтыс болған екен», - дейді көршісі. 

Құтқаршылар есікті бұзып кірген кезде пәтер иесі сол жерде болған. Ол іштен есік аша алмаған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 57 жастағы әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталмаған. 

Тегтер: әжей пәтер