$ 443.85  474.3  4.8

«Тышқанды ұстап алмақ болып...»: зейнеткер асүйдегі шкафтың артына кептеліп, көз жұмды

Ал тергеу егде жастағы әйелдің жарақаттанғанын немесе жүрегі ұстап қалғанының сыртқы белгілерін таппаған.
Фото: profitroll.ru
Фото: profitroll.ru

Ұлыбританияның Бристоль қаласында кейуана асүйдегі шкаф пен қабырғаның арасында кептеліп қалып көз жұмды. Ол үйінде жүрген тышқанды ұстап алмақ болған екен.

Бұл туралы Stan.kz The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылдың 23 маусымында такси жүргізушісі 74 жастағы Кэрол Уильямстың жоғалып кеткенін полицияға хабарлапты. Айтуынша, зейнеткер бұған дейін такси қызметіне тапсырыс берген. Алайда, келісілген күні үйінен шықпаған. Сонымен қатар, телефон қоңырауларына да жауап бермеген.

24 шілдеде полиция кейуананы іздестіруге кірісті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зейнеткердің үйіне барып, оның денесін асүй шкафының артынан тауып алды.

Кейуананың достары оны соңғы рет 2 күн бұрын көргендерін айтқан. Әйелдің денесіне жасалған сараптама оның қанша уақыт кептеліп тұрғанын және өлімінің нақты себебін анықтай алмады.

Ал тергеу егде жастағы әйелдің жарақаттанғанын немесе жүрегі ұстап қалғанының сыртқы белгілерін таппаған. Нұсқалардың бірі бойынша, Уильямс организмінің сусыздануының салдарынан көз жұмған болуы мүмкін.

Зейнеткердің достары ол асүйде тығылып қалған тышқанды ұстап алмақ болып, шкафтың артына кептеліп қалды деп топшылады.

Нәтижесінде сот зейнеткер жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды деп таныды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнеткер