31.10.2019, 19:39

Ашуға бой алдырған ақтөбелік алдында тұрған адамды атып тастаған

Фото: Mangystaumedia.kz
Ашуға бой алдырған ақтөбелік алдында тұрған адамды атып тастаған

Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген ақтөбелік ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 25 қазан күні болды. Ақтөбе қаласының жұмыссыз тұрғыны ашуға бой алдырып, «Гром» жан-жануарды қорқытуға арналған пиротехникалық құралмен алдында тұрған адамды атып жіберген. 

«Салдарынан ауыл тұрғының беті жараланды. Қазір осы оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сот алды тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 107 бабы, 1 бөлімі бойынша іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: Ақтөбе қылмыс