$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Дирр пара берді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Онымен бірге облыстық ревизиялық комиссияның шенді қызметкерлері де ұсталып отыр. Бюро мәліметіне сүйенсек, комиссия төрағасы М.Нысамбаев пен комиссия мүшесі А.Аменов арадағы делдалдар арқылы қала әкімі орынбасарын пара беруге мәжбүрлеген. Пара көлемі - 2 миллион теңге. Осылайша комиссия басшылары әкімдіктің бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсауына көз жұма қарауға уәде беріпті. Сондай-ақ, "Абай атындағы мәдениет үйінің" 2014-2015 жылдардағы қаржылық-шаруашылық жұмыстарынан шыққан кемшіліктері үшін де жергілікті билік өкілдерін жауапкершілікке тартпауға келісімін берген.

Қазіргі таңда әкімнің орынбасары мен күдікке ілінген комиссияның екі өкілі уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары