$ 444.32  473.33  4.76

Айына 5 мың теңге төлейсіз: елордалық жастар үшін жалға арзан пәтерлер беріледі

Өтінімдер қарашаның 5-і мен 10-ы аралығында қабылданады. Іріктеуден өткен жастардың тізімі 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірлмей жарияланады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тұрғын үй қорының директоры Нұрсұлу Қожахметованың айтуы бойынша,
азаматтарға ыңғайлы болу үшін осы бағдарлама электронды түрде жүргізіледі. Өтінімдер қарашаның 5-і мен 10-і аралығында қабылданады. Іріктеуден өткен жастардың тізімі 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірлмей жарияланады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

2019 жылы барлығы 1050 пәтер беріледі. Ақы көлемі айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін болады.

Жалға берілетін тұрғын үйге Нұр-Сұлтанда кемінде екі жыл тұрақты тіркелген, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлкі жоқ жастарға беріледі. Егер тізім бойынша қандай да бір құжаттар жетпесе немесе тұрғын үй қорында үміткерлерге қандай да бір сұрақтар туындаса, өтініш берушіге бұл кемшіліктерді жою үшін бір күн беріледі.

Қажетті құжаттар:

- нысан бойынша өтініш (Smart Astana порталында бар)

- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

- білімі туралы құжаттардың көшірмелері - неке қию туралы куәліктің көшірмесі (егер жұбайы/зайыбы бар болса)

- балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер бар болса)

- өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама

- жұмыстан анықтама

- соңғы 6 ай ішіндегі табысы туралы

- еңбек өтілін растайтын құжаттар-банктік шоттың болуы туралы анықтама және ақша қаражатының қозғалысы туралы анықтама

- әр түрлі салалардағы жетістіктерді растайтын құжаттар (грамоталар, медальдар, сертификаттар, алғыс хаттар және т. б.))

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары