$ 495.2  522.34  4.94

Тоқаев «бір терезе» қағидасымен халыққа қызмет көрсететін орталыққа барды

Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады.
фото: akorda.kz
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы астаналық отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды  akorda.kz.

Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы жайында кеңес алуға болады.

«Жанұя» орталығының бастамаларын жоғары бағалаған Мемлекет басшысы аталған мекеменің тәжірибесін еліміздің барлық аймақтарында іске асыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар. Президент орталықтың базасында іске асып жатқан «Кәсіпкер ана» жобасының қатысушыларымен де әңгімелесті.

«Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. «Іздеген жетер мұратқа», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары