Еуропа Одағы Ресейге 2014 жылдың 31 шілдесінде енгізілген санкциялар мерзімін жарты жылға ұзартты, деп жазады Азаттық радиосы.
Украинадан Қырымды аннексиялап, Донбастағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін енгізілген санкция күші 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін сақталады.
Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистердің украин армиясы әскерімен қақтығысы салдарынан құрбан болғандар саны тоғыз мыңнан асады. Еуропа Одағы санкцияларды Минскіде қол қойылған бейбіт келісім осы жылдың соңына дейін орындалмайтындықтан ұзартқанын айтады.
Санкция Ресейдің қаржы, энергетика, қорғаныс саласына және және ресейлік бірқатар шенеунікке салынған. Санкцияны ұзарту туралы шешім 18 желтоқсанда Еуропа Одағы елдері елшілерінің жиынында шыққан.