$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі 42 жастағы әйелді қағып кетті

Салдарынан 41 жастағы әйел мен 62 жастағы жүргізуші ер адам ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтандағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешені маңында №52 автобус әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қараша күні сағат 19:30 шамасында Сарайшық көшесі мен Ақмешіт қиылысынан бұрыла берген автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. 

"Салдарынан 41 жастағы әйел мен 62 жастағы жүргізуші ер адам ауруханаға жеткізілді. Кейін екеуі де үйлеріне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті оқиға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары