Оңтүстік Корея балалар порнографиясымен айналысатындарды қатаң жазалауды бастап кетті. Арнайы заң кеше ғана күшіне енді. Қоғам белсенділері балаларға қатысты зорлық қылмыстың да көбейіп жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы «Әл-Жазира» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және АҚШ билігі бірігіп порнографиялық фильмдерді жасаумен айналысатын қылмыскерлерді құрықтауға көшті. Өткен айдың өзінде дүние жүзі бойынша 338 адамды ұстады. Оның 223 Оңтүстік Кореядан болып шықты.