$ 443.35  475.54  4.82

«Көпірге бөлінген ақшаны жымқырған»: Кличконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Кличко өзінің лауазымды қызметін асыра пайдалануы мүмкін деген күдікпен, оны өзінің бақылауына алған еді.
Фото: pravda.com.ua
Фото: pravda.com.ua

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы жоғарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттың өтініші бойынша Киев қаласының мэрі Виталий Кличкоға қатысты  іс қозғады, деп хабарлайды РБК-Украина

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Кличко өзінің лауазымды қызметін асыра пайдалануы мүмкін деген күдікпен, оны өзінің бақылауына алған еді. Киевтегі Шулявский көпірін қалпына келтіру кезінде бөлінген қаражатты Кличко жымқырды деп айып таққан. Ал Киевраданың депутаттары ұлттық бюроға Киев әкіміне қарсы іс қозғау туралы арыз-шағым түсірген.

Олар Кличко, Киев қаласының мемлекеттік әкімшілігінің тұлғаларымен бірлесіп бюджет қаражатын шамадан тыс пайдаланды деп айыптаған.  Ақша жол өткелін қайта құру тендерінде жеңіп алған компанияға аударылған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс