$ 444.22  476.38  4.82

«Қыздың аузына шүберек тыққан»: Үш жігіт жеті жылға сотталды

Үш жігіт қыздың аузына шүберек тығып, күштеп көлікке салып белгісіз бағытта алып кеткен. Бірақ қыз қашып құтылған.
Фото: ru.nts.kg
Фото: ru.nts.kg

Алматыда кешкі уақытта үйінің маңында серуендеп жүрген кәмелеттік жасқа толмаған қызды біреулер алып қашқан, деп жазады NUR.KZ сайты.

Үш жігіт қыздың аузына шүберек тығып, күштеп көлікке салып белгісіз бағытта алып кеткен. Бірақ қыз қашып құтылған.

Сот кезінде жігіт қызды алғаш дәмханада көріп қалып, содан бері ұнатып жүргенін айтқан. Әлеуметтік желіден парақшасын тауып, өзіне қаратуға тырысқан. Бірақ қызда сезім пайда болмаған соң, оны ұрлауға шешім қабылдаған.

Сот адам ұрлығына қатысы бар үшеуіне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс