$ 494.87  520.65  4.91

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы су басу мәселесі қалай шешіліп жатқанын бақылап қайтты

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған су жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, тазарту құрылғыларының жерасты құрылысы басталды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ықшамауданындағы тазарту құрылғыларының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа құрылыстардың қуаты 40 мың текше метрді құрайды. Бұл жауын-шашындық кәріз жүйелерінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді: жерүсті ағынды суларды бөгетсіз жинауды, ағызуды және тазартуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған су жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, тазарту құрылғыларының жерасты құрылысы басталды. Бұл тазарту құрылғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Жүйе жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үсті абаттандырылып, тынымбақ орнату қарастырылған. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары