Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың жеке шаштаразы Рикардо Маркес Феррейра қонақүйде өлі күйінде табылған, деп хабарлайды "Айқын" газеті mundodeportivo.com порталына сілтеме жасап.
2 қараша күні бөлмені тазалауға келген қызметші ер адамның денесін тауып алған. Мәйіттен пышақ іздері табылған, ал аққан қан еденге жайылып кетіпті. Қызметші әйел бөлмеден алкоголь иісін де сезген.
Қазір шаштараздың өлімі зерттеліп жатыр. Полиция қылмыскерлерді іздестіруде. Шаштараз Роналдудан бөлек бірқатар португалиялық моделдер мен актрисаларға қызметін ұсынып келген. Ол соңғы екі жыл бойы Швейцарияда тұрған екен.