Ауғанстанның Тахар провинциясының Дакар ауданында жарылыс болып, тоғыз бала қаза тапты, деп жазды ktk.kz порталы. Бұл туралы Анадолы агенттігі аталмыш елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
Жолдың жиегіне орнатылған жарылыс құрылғысы сол маңнан оқушылар өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Салдарынан тоғыз бала мерт болып, тағы бірі жарақат алды. Жергілікті билік құрылғыны «Талибан» қозғалысының содырлары орнатқанын айтуда. Талибтер болған оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.