$ 448.15  483.46  4.86

Америкада жабайы бұғы сән салонының тас-талқанын шығарды (ВИДЕО)

«Oh My Cod, Oh My Cod» деген жан дауысы құлаққа анық естіледі. Бұғы сұлулық салонының ішінде 15 секундқа жетер-жетпес уақыт бұралаңдап жүріп, есіктен шығып кетіп қалды.

Бұғы сән салонындағы сенбі күнгі тыныштықты бұзды. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан Лонг-Айленд аралында орын алған оқиға таспаланып, әлеуметтік желіде оқырман талқысына түсті, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы edition.cnn.com сайтына сілтеме жасап.  

Жабайы бұғы ғимараттың шыны қабырғасын мүйзімен сындырып, жұмсақ жиһазда отырған егде әйелдің үстінен аттап, сән салонының төріне дейін барған. 

Ер адамның шашын қиып тұрған әйелдің зәре-құты қалмады. «Oh My Cod, Oh My Cod» деген жан дауысы құлаққа анық естіледі. Бұғы сұлулық салонының ішінде 15 секундқа  жетер-жетпес уақыт бұралаңдап жүріп, есіктен шығып кетіп қалды. 

Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетеміз дегенше бұғы ізін сутып үлгерді. Жеңіл жарақат алған әйел жақын маңдағы емханаға жеткізілген.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары