$ 448.15  483.46  4.86

Бішкектен террористердің құпия қару-жарақ қоймасы табылды

Қаланың «Арча-Бешик» тұрғын алқабынан жасырын қару-жарақ қоймасы табылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті хабарлайды.

Құпия қоймадан табылған Калашников автоматы (АК-74) мен оның 400 оғы 10 желтоқсанда көзі жойылған лаңкестерге тиесілі болғаны анықталды. Олар бұл қаруды Бішкек пен Шу аймағында терактілер жасау үшін қолданбақ болған.

Қазіргі уақытта Қырғыз елінің ҰҚМК осыған байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында жедел тергеу-іздестіру шараларын жүргізуде деп жазады 24.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары