$ 494.87  520.65  4.91

Жұманованы соққыға жыққан күдікті жазаланды

Журналист Бота Жұманованы соққыға жықты деп айыпталған адам үш жылға сотталды.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы аудандық соты 22 жастағы Өркен Мырзаханды журналисті тонап, қылмыс жасауға оқталды" деп айыптаған. Сот Мырзаханның дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім еткен.

Прокурор соттан Мырзаханды бес жылға соттауды сұраған.

Бота Жұманова 8 қазан күні кешке Алматыда өзі тұратын үйінің подъезінде соққыға жығылған. Соққыға жыққан адам журналистің ешбір затын алмай, қашып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары