Атырау полицейлері «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 986 азаматтық қару иесін тексерді, деп хабарлады atpress.kz.
Шара барысында полиция қызметкерлері қаладағы пәтерлер мен көпқабатты үйлерді аралады. Пәтерлерді тексеру кезінде азаматтық қару иелері басты назарға алынды.
«Қолданыстағы заңнама өзгерістеріне сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін пәтерде күзет дабыл белгісі орнатылуы міндетті. Нәтижесінде қару сақтау ережесін бұзудың 38 фактісі анықталған», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.