Елордада Петрова көшесінің бойындағы «Орбита» ТК-нің "билеген" балконы көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
Бұзылудың шақ алдында тұрған балконның суреттері @eto_astana_detka Instagram-парақшасында жарияланды.
«Мынадай үйде адам шығыны болуы әбден мүмкін. Астанадағы биік үйлердің бірінде балкон ортасынан қисайып, сығылудың аз-ақ алдында тұр. Қоңырау шалған көршінің сөзіне сүйенсек, үйді жалға алушының еденінде жарықтар пайда болған», - деп жазылған жазба астында.
«Нұр-Сұлтан» әкімдігінің қолдау қызметі жазбаға жауап берді.
«Сіздің шағымыңыз iKomek әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығында тіркелді», - дейді қолдау қызметі.