04.11.2019, 16:10

Арыстанбек Мұхамедиұлы «ақсақал» емес, «абыз» атанып, Пантеонға жерленгісі келеді

фото: prosports.kz
Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Жүз жасаңыз!» - дегені сол, Мұхамедиұлы оның сөзін бөлді.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында «қария» сөзінің қолданылуы қате деген пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Жүз жасаңыз! Бір-екі сұрағым қалды...», - дегені сол, оның сөзін бөліп:

«Жүз жас дегенді құптамаймын. Мен өз басым «қария», «шал», «ақсақал» дегенге өте қарсымын. Мысалы, ақсақал деп сексен жастағыны айтады. Әбдіжәміл Нұрпейісов 95-ке келгендігін тойлап жатыр. Неге оны қария деп кемсітеді? Ел ағасы, абыз деп неге айтпайды? Әлі күнге дейін шығармасын жазады, бізге тапсырмасын береді. Абыз деп айтсын», - дейді Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, бағдарлама тілшісі одан: «Жалпы, сіз абыз болғанда, Астанадағы Пантеонға, Алматыдағы Кеңсайға, әлде, Түркістан қаласында жерленер ме едіңіз?», - деп сұрады.

«Мен айтайын, Пантеон міндетті түрде керек. Пантеонға жерленер едім», - деді Мұхамедиұлы.