@saginblog.kz Instagram-парақшасы қыз баланың телефонға арналған қосымшаны пайдаланып, Төле би мен өз бетін алмастырған суретін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен бұл фотосурет туралы не айтарымды да білмеймін! Біздің балаларымыздың ой-өрісі төмендеп барады. Олардың болашағына қатты алаңдаймын!» - деп пікір білдірді жазба авторы.
Бұл сурет өзге желі қолданушылардың да наразылығын тудырды. Олар бұл қыздың әрекетін есерсоқтыққа теңеді.
«Басқалар қайталамау үшін айыппұл салу керек», «Ой-сананың төмендігі - ата-аналардың берген тәрбиесі ғой», «Осындай дәрежеге түстік», - деп шуласты олар.