$ 494.87  520.65  4.91

Туысын мылтықпен атып өлтірген Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-сі күні Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылындағы жер үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мүрдесі табылған.

Алматы облысында өзінің туысын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-сі күні Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылындағы жер үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мүрдесі табылған. Мерт болған азамат Есік қаласының тұрғыны екені анықталды. 

Тексеру барысында жәбірленушінің басына тиген бытыра оғынан қаза тапқаны белгілі болды. Жедел іздестіру кезінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. 

«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше сағаттың ішінде жәбірленушінің туысы ұсталды. Оның сөзінше, туысы екеуінің арасында қызғаныштан ұрыс басталып, соңы өліммен аяқталған. Тергеуге айғақ зат ретінде еш жерде тіркелмеген 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығы тәркіленді», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары