$ 494.87  520.65  4.91

Түркістандықтар ұзындығы 5 метрлік кәуап дайындады (ВИДЕО)

Көне шаһардағы фестивальге 12 дәмхана мен мейрамхана, кондитерлік өнімдер шығаратын 7 цех қатысты.

Түркістанда ұзындығы 5 метрлік кәуап дайындалып, қонақтарға таратылды. Сондай-ақ  бір қазанда жеті түрлі палау демделді. Ерекше тағамдар фестивалін Түркістан облыстық турзим басқармасы мен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды, деп жазады jasqazaq.kz.

Көне шаһардағы фестивальге 12 дәмхана мен мейрамхана, кондитерлік өнімдер шығаратын 7 цех қатысты. Кәсіпкерлік нысандар қонақтарға түрлі тағамдар ұсынды. Мәселен, қатысушылардың бірі ұзындығы бес метрлік кәуап әзірлеу арқылы көпшілікті таң қалдырды.

Аспаздардың айтуынша, дәмді кәуап еттартқыштан өткен (фарш) және кесектеліп туралған еттен пісірілген.

Шараның мақсаты — киелі қалаға келген туристерге түрлі тағамдар ұсынып, естен кетпес естеліктер қалдыру. Жеңімпаз атанған қатысушыға бизнесін дамыту үшін жер телімі берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәуап